ДенсаулықЖаңалықтар

ЕМДЕУ ОРНЫН ТАҢДАУ – ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА



Биылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізілу басталды. 57 елдің тәжірибесі ескерілген бұл заң жобасын еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен дүниежүзілік банк сарапшылары 3 жыл бойы дайындады. Бүгінде Францияда халықтың 80, Германияда 90, Бельгияда 98 пайызы міндетті медициналық сақтандырумен қамтылған.

Осы сақтандыру пакеті бойынша қандай қызмет түрлері көрсетілетіндігін көпшілік біле бермейді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары үшін осыны түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Соның бірі сенбі күні флешмоб түрінде өтті.

Студенттер саябағында өткізілген шараға медициналық ұйымдар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 800-ден астам адам қатысқан флешмоб аясында денсаулық қалашығы ұйымдастырылып, келушілер денсаулығын тексертіп, дәрігерлерден кеңес алды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қаржының белгілі бір бөлігін азаматтар төлейтіндіктен, олар өздері қалаған медициналық мекемеде емделуге құқылы. Алдағы уақытта нау­қас­тар медициналық мекемені де, дәрігерді де таңдай алатын болады. Елімізде жекеменшік емханалар жеткілікті. Жаңа жүйе медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестікті арттыра отырып, қызмет көрсету сапасына ықпал етеді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндірме жұмыстарын әр демалыс сайын өткізу жоспарланып отыр.

Гүлжан РАХМАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button