Әлеумет

Емхананы еркін таңдай аламыз ба?



Консультация-диагностика қызметі бойынша клиниканы қалай таңдауға болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиалының сарапшылары тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

– Диагностика қызметін немесе сала мамандарының кеңесін өз емханаңыздан басқа жерде алуға бола ма?

– Емхананы еркін таңдау құқығын бірнеше жағдайда ғана пайдалануға болады. Егер бекітілген жері бойынша емханада қажетті маман болмаса немесе оған жазылу мүмкін болмаса, ал кезекті күту ұзақ, яғни 10 күннен көп уақытқа созылатын жағдайда, егер пациент өзінің сырқаты туралы белгілі бір дәрігерге қаралуға дағдыланған болса немесе жақын адамдары ұсынған клиникаға жолдама беруді талап етсе, пайдалана алады. Тек алдымен ол клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында қызмет көрсете ме, соны тізімнен анықтап алған жөн. Олардың тізімін fms.kz ресми сайтынан https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/ сілтемесі арқылы қарап алуға болады немесе клиниканың өзінен сұрау керек.

– Еркін таңдау бойынша диагностика қызметін немесе салалық маманның кеңесін қалай алуға болады?

– Біріншіден, науқас өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді. Сосын басқа емханаға жолдама алады. Сол жерге дәрігердің қабылдауына жазылады. Дәрігер қабылдауында болады немесе тексеруден өтеді.

– Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз қандай медициналық қызметтерге жүгінуге болады?

– Егер пациент шұғыл жағдайға байланысты күте алмайтын болса немесе жарақат болса, егер ол стоматологиялық көмекке, тері-венерология маманына жүгінсе, онкология немесе гематология ауруына күдік туындаған жағдайда тар бейінді маманға келсе, тіркелген жері бойынша гинекологқа немесе психологқа барса, жастар денсаулығы орталығына жүгінсе, дәрігерге қайта келген кезде немесе қатерлі ісік барына күдіктенсе, өз сырқатын динамикалық бақылау үшін салалық медицина орталығына келген жағдайда, медициналық пойыздарда немесе жылжымалы медициналық кешендерде медицина қызметін алуға барғанда жолдама керек емес.

– Қандай жағдайда пациенттерге басқа емханаларға жолдама берілмейді?

– Егер пациентке қажетті қызметтерді өз учаскесінің көрсету мүмкіндігі болса. Мысалы, психолог, учаскелік дәрігер, медбике, акушердің қабылдауы, патронаж, актив, иммундау, профилактика, салауатты өмір салты, босануға дайындық мектебі, кейбір диагностика зерттеу­лері және басқа да қызметтер болғанда жолдама беріледі


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button