ЖаңалықтарҚала тіршілігі
ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ – ЖАСЫЛ АЛҚАПТА
Ильинка ауылдық округі маңындағы орман алабында «Орман және бақша айлығы» акциясы өтті.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен қалалық Студенттік құрылыс және жастардың еңбек жасақтары штабы ұйымдастырған бұл шара тазалықты насихаттап, қысы-жазы ұйытқыған желден қалқа боп қаламызды көмкеріп тұратын жасыл белдеуді көздің қарашығындай сақтап, күтіп-баптау ниетінен туған. Акцияға қатысушы жастар «Астана орманы» ЖШС-ны көмегімен енді ғана тамырланған ағаштар маңын арамшөптен, қоқыстан тазартып, орман шаруашылығының адам өміріндегі маңызы туралы дәрістер тыңдады.
Сондай-ақ, олар табиғат аясында түстеніп, көк шалғын үстінде футбол ойнап, бой жазды.
Мәдина Жақып