Жаңалықтар

ЕРІКТІЛІК – ЖАҢА ТРЕНД  



IMG-20151023-WA0015

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Еріктілік – жаңа тренд» тақырыбында «Болашақ» қауымдастығы пікірталас алаңының кезекті отырыс өтті.

 Отырысқа мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар, қоғамдық ұйымдар мен «Болашақ» бағдарламасының түліктері  және түрлі деңгейдегі жастар өкілдері қатысты.

 Қазақстанның еріктілер альянсының атқарушы директоры  Нұрлан Досымов «ЭКСПО – 2017» ұлттық жобасына дарынды жастардың қатысуы мен өткізіліп жатқан іс шараның маңыздылығына тоқталды.

 «Астана жастары» ресурстық орталығының жетекшісі Әнуар Нұрпейісов ерікті болудың артықшылықтарына тоқталып,  қазір өздерінде «ЭКСПО – 2017» еріктілер қозғалысының супервайзерлеріне іріктеулер жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

 Ал, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ маркетинг және ілгерлету департаменті директорының орынбасары Рауан Ерұлан «ЭКСПО – 2017» көрмесі  –  жастар күшін біріктіруші» тақырыбында баяндама жасады.

 Іс-шара соңында қатысушылар өзінің жаңа идея, ұсыныстарымен бөлісті, өздерін қызықтырған барлық сауалдарға жауап алды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button