Жаңалықтар

ЕРТЕҢ – «АСТАНА» – «МАРИБОР»



37c40-Yasmin-Khandanovich-operedil-Patrika-Tvumasi

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундының қарымта ойындары өтеді. Ертең «Астана-Арена» стадионында Қазақстан чемпионы «Астана» Словенияның «Марибор» командасын қабылдайды.

Мариборда өткен бірінші ойын­да 1:0 есебімен алаң иелері жеңіске жеткен болатын. Словендер ойынның бесінші минутында есеп ашқан еді. Ал енді қарымта ойынның кезегі келді. Қай команданың келесі кезеңге өтетіні ертең «Астана-Арена» стадионында болатын ойында шешіледі.
«Марибор» – Еуропадағы танымал командалардың бірі. Словенияның 13 дүркін чемпионы. Интертото турнирінің жеңімпазы. Өткен жылғы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде «Челси», «Шальке» командаларымен ұпай бөліскен.
«Астана» үшін ең бастысы, ойынның негізгі уақытында өз қақпасына гол дарытпай, кем дегенде бір гол соғу керек-ақ. Мұндай жағдайда ойын овер-таймға ұласады немесе пенальти соғылады. Бұл орайда алаң иелеріне жанкүйердің қолдауы дем беретіні сөзсіз. Әрине, жанкүйер қауымның қалауы – «Астана» команда­сының жеңіске жетуі.
Олай болса, ертең өз коман­да­мызға қолдау көрсетейік, ағайын!
Матч сағат 20.00-де басталады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button