Құқық

Есіл ауданында қылмыстық құқық бұзушылық 6 пайызға азайды



Есіл ауданында  былтыр 3349 қылмыс тіркеліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6%-ға азайды. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Есіл ауданындағы криминогендік жағдай туралы өткен брифингте осы аудандағы полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Бөлегенов баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

 2023 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген жедел-қызметтік іс-шараларды талдау барысында Есіл ауданының құқық қорғау органдарының қызметкерлері  ауданда тиісті бақылауды сақтап, қоғамдық тәртіп бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер мен төтенше жағдайлардың алдын алуға қол жеткізген.

Ақпаратты ашу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 42,1%-ды құрап, 4,5%-ға жақсарған. Қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі алаяқтық 11,3%-ға артты, бұл өсімнің 10,1%-ы интернет-алаяқтыққа тиесілі.

Киберпол базасында Астана қалалық ІІД қызметкерлері үшін ақпараттық технологияларды (Binance криптовалюта биржасы, интернет-платформа Tik-Tok) пайдалану бойынша мерзімді оқыту жүргізіліп тұрады. Бүгінде қылмыскерлердің шетелдік банктердің банктік шоттарын, сондай-ақ шетелде тіркелген криптобиржаларын пайдалануына байланысты істі ашу қиындап кетті. Қазіргі уақытта 1238 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тоқтатылды.

Жалпы, 2023 жылға 300 млн теңгеден асатын айыппұлмен 28 516 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (218 159 109 теңге өндірілген), өндіріп алу 71,9 пайызды құрады.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта жүргендері үшін 1076 ата-ана жауапқа тартылған, ҚР ӘҚБК 200 бабына сәйкес (алкогольді өнімдерді өткізу талаптарын бұзу) 32 құқық бұзушылық анықталды. 441 б. бойынша (кальян темекісін тұтынуға тыйым салуды бұзу) – 348 тұлға жауапқа тартылды.

Талғат Сұлтанғалиұлы Есіл ауданындағы қылмыстылық жағдай тұрақты, ал департаменттің жеке құрамы жедел және жоспарларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button