Құқық

Есірткі елді аздырады



Елордада нашақорлық және есірткі бизнесімен күресте қалалық полиция департаменті үздіксіз және белсенді жұмыстар жүргізеді. Әсіресе, интернет-ресурстар арқылы есірткінің синтетикалық түрлерін қоса алғанда, сату және жеткізу арналары бойынша фактілерді анықтауға ерекше назар аударылады.

стана қаласы Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рустам Гасизовтың айтуынша, жыл басынан бері қалада 739 есірткі қылмысы анықталса, оның 107-сі есірткі сатумен айналысатын тұлғаларға қатысты болған. Бүгінде әсіресе, синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы мәселесі өткір тұр. Биыл 9 айда заңсыз айналымнан 263 келі есірткінің әртүрлі түрлері, оның ішінде 43,5 келі «синтетикалық» есірткі заттары тәркіленген.

– Биыл елордада синтетикалық есірткіні жасайтын 5 зертхана анықталып, олардың қылмысының жолы кесілді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Астана қаласы Полиция департаментінің бастамасымен «Smart Astana» электронды платформасында, «Есірткіге жол жоқ» үндеу жолдау» қосымшасында жоба әзірленіп, іске қосылды. Аталған платформа полиция қызметкерлеріне граффити суреттерін, парақшаларды және т.б. жою бойынша жедел шаралар кешенін қабылдауға мүмкіндік береді, есірткіге қатысы бар интернет-дүкендерді жарнамалаудың барлық анықталған фактілерге заңды іс-әрекеттері өтініш берушіні Telegram арнасы арқылы атқарылған жұмыс туралы хабардар етеді, – дейді басқарма бастығы.

Бұл жұмыста азаматтар ерекше белсенділік танытуда. Олардың мәліметі бойынша биыл синтетикалық есірткіні сататын 60 сайт бұғатталып, граффитиді жарнамалайтын онлайн дүкендері жойылған. Есірткі тұтынушылардың санын азайту мақсатында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, оқу орындарында дәрістер мен сабақтар өткізілген. Одан бөлек, есірткінің зияны туралы деректі және көркем фильмдер көрсетіліп, интерактивті сабақтар өткізіледі. Жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалған. Студенттермен кездесулерде есірткі қылмысына қарсы күреске қатысты проблемалық мәселелер талқыланады, олар кейін бұл деректерді ғылыми еңбектерінде қолданады.

– Студенттердің ата-аналары үшін біздің басқарма қызметкерлері әлеуметтік желілерде және жеке пәтер иелері чаттарында «Кәмелетке толмағандарды есірткі қолдану фактілерін анықтау үшін үйде экспресс-тестілеу мүмкіндігі туралы» ақпараттық бағдарламаны іске қосты. Биыл нашақорлықтың алдын алу бойынша 238 профилактикалық іс-шара өткізілді. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға мемлекеттік органдар, Үкіметтік емес ұйымдар, жастар қозғалысының волонтерлері, 15 спорт ұйымы белсенді қатысуда. Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде рес­публикалық басылымдарда есірткіге қарсы 367 басылым жарияланды, – дейді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрес жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» аясында әкім аппаратымен барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және Үкіметтік емес ұйымға қажетті қаражат бөле отырып, нашақорлыққа қарсы мақсатты профилактикалық іс-шараларды іске асыруда «Астана – есірткісіз қала!» жоспары әзірленуде.


Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button