Uncategorized

Сарайшықтан сәлем саз

Бүгін «Жастар» сарайында «Сарайшықтан сәлем саз» бағдарламасы аясында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Атыраулық өнер ұжымының елордаға гастрольдік сапары «Күй анасы» республикалық қорының ұйымдастыруымен күйші Динаның ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Аталған қор жетекшісі, күй анасының шөбересі Төлеген Қуа­нышев өнерпаздарға қош келдің айтып, күйшінің өмір тарихы мен шығармалары жинақталған кітапты сыйлады. Белгілі күйші-ұстаз, Қазақстанның мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған батасын беріп, оркестр әртістері Дина Нұрпейісованың күйлерін орындап, ұжым мүшелері «Күйшілер» аллеясына шырша отырғызды.

Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанынан «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі құрылған. Аталмыш өнер ұжымының «Алаш аманаты» атты концерттік бағдарламасын ертең «Жастар» сарайынан тамашалау­ға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button