Uncategorized

Жаңа редакцияда ұсынады

23-24 қаңтар күндері «Астана Опера» театры ұлттық классика қазынасы – Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын (либретто авторы – Қажым Жұмалиев) жаңа музыкалық-сахналық редакцияда ұсынады. Қоюшы режиссері – Асхат Маемиров, режиссер кеңесшісі – Михаил Панджавидзе және қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин.

Қойылымда кейіпкерлердің бейнесі жаңаша құрылып, қазақ классикасы басқа қырынан беріледі. Спектакльде театрдың жас әртістерінің дебюті болады. Біржан партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш пен Бейімбет Таңарықов орындайды, ал Сараның рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ пен Айгүл Ниязова сомдайды. Дебюттерді атап өтсек, Ұлпан Әубәкірова Алтынай бейнесінде алғаш шығады. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының ­лауреаты Алтынбек Әбілда (Жиенқұл), Валерий Селиванов (Қожағұл), Мерей Қадырханов (Серік) осы операдағы партияларды тұңғыш орындайды. Қойылымда 3D-технология, италиялық маман Серджио Металлидің бейне­проекциялары қолданылады.

Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының шыққанына екі жылдан кейін 80 жыл толады. «Астана Опера» театры 2013 жылы ұлттық классиканың алтын қорындағы дәл осы спектакльмен ашылды. Бірнеше жыл спектакль Ресейдің Халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александровтың қойылымында жүрді. 2014 жылы Санкт-Петербург қаласындағы атақты Мария театрының сахнасында ұсынылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button