ДенсаулықЖаңалықтар

Есірткіге қарсы ерек шара



Кеше Еуразия гуманитарлық институтында есірткіге қарсы «Биле, биле!» атты шығармашылық жарыс өтті.

7

Шараға қалалық Ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мұрындық болды. Жоба аясында үш апта бойы ұстаздар мен студенттер түрлі бағыттағы биді меңгерді. Ақтық сайысқа шыққан бес кафедра өзара жарысып, биге ең икемді дегендері жүлделі болды.
– Мұндай шаралар жастарға бос уақытын тиімді өткізу жолдарын көрсетеді. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеміз. Ең қызығы, бүгінгі қатысушылардың ішінде кәсіби биші жоқ. Алайда, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, баршаға үлгі бола білді. Ендігі көздегеніміз –  аталмыш шараны қалалық деңгейге көтеру, – дейді елордалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқар­масының бөлім бастығы Сергей Ильиных.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button