Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ

Тәуелсіз болу дегеніміз – ұлы ұғым. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры – ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы.

5

Қазақстанның бүгінгі таңдағы тәуелсіздігінің құдіретті күші ұлттар достастығы, ел бірлігі және Елбасы­мыздың салиқалы саясатында жатыр.
Мемлекетіміз осындай аз ғана уақыт ішінде көптеген ірі эконо­микалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуі және эко­номикамыздың жедел қарқынмен дамуы – негізгі стратегиялық бағыт­тардың жүзеге асырылуында.
Осы орайда, халыққа Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атан­ғанымыздың 25 жылдығына аяқ бас­қалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл – тәуелсіздікті нығайту жо­лындағы өлшеусіз еңбегі­міздің ширек ға­сырлық белесін қорытын­дылайтын мерейлі сәт. Тәуел­сіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекет­тігіміздің тұғырын мыз­ғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатер­лерден мүдірмей өтуге шақырды.
Қазіргі таңда еліміздің кез келген азаматы тәуелсіздіктің қадірін жете түсінді. Ешкімге тәуелді болмау, өз мемлекетің, туың, Елтаңбаң болу – үлкен бақыт. Ендігі мақсатымыз – жас мемлекетіміздің дамуына үлес қосу. Алдымызда әлі талай асулар жатыр. Әсіресе, абыройымызды әлемге асқақтататын жаһандық ЭКСПО көрмесіне үлкен дайын­дықпен келуіміз керек. Оның жоғары деңгейде өтуіне әрқайсысымыз атсалысуға тиіспіз.
Мемлекетіміздің болашақ өр­кендеуі, дамуы, гүлденуі, иманды, білімді, оның ішінде мемлекеттік тілді жақсы меңгерген, барлық халықтың дәстүрін құрметтейтін жігерлі жастарға байланысты. Ата-бабаларымыздың арманын ақтап, тәуелсіздігімізді асқақта берейік, ағайын!

Г.МОЛДАБЕКОВА,
Әскери соттардың қызметін
қамтамасыз ету бөлімінің
бас маманы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button