Құқық

Есірткіге – тосқауыл

Жыл басынан бері елорда полицейлері есірткі қылмысына қатысты 34 баланы ұстады. Олардың әрқайсысы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Есірткі заттарды сақтау, өткізу, өндіру немесе тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Осылайша ломбардтар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп атап өтті Астаналық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер есірткі қылмысымен күресте алдын алу шаралары мен профилактиканың зор маңызға ие екенін айтты. Қылмыстың көбеймеуі үшін  балалармен және жасөспірімдермен дендеп жұмыс істеу үлкен рөл атқаратыны атап өтілді.

«Қылмыскерлер жас­өспірімдерді қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпегеніне сендіріп, оларға «сендерге нақты жаза болмайды»  деп алдайды. Әрі кетсе, ата-аналарына айыппұл салынады дейді. Сөйтіп, жастарға аз уақытта үлкен табысқа кенелуге уәде етіледі. Бірақ «жұмыс» деп аталатын мұндай наркокурьердің қызметінің ең ұзақ мерзімі – 2-3 ай. Содан кейін олар ұсталып, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, нақты мерзімге сотталады. Осыны әр жеткіншек қатаң есте ұстағаны жөн» дейді құқық қорғау қызметкерлері.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button