Мәдениет

Ескі әндер жаңаша естілді



Елорданың 25 жылдығына орай «Esil Music Time» атауымен ашық аспан астында фестиваль өтті. Концерт барысында тәуелсіздік жылдарында жазылған хит әндер музыкалық жаңа формада берілді.

Фестивальдің мақсаты – қазақ­тың ескі әндеріне жаңа дем беру, халықтың құлағына сіңген сүйікті әндермен әдемі әсер және ерекше көңіл күй сыйлау. Өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сү­йіспеншілікті қалыптастыру, қазақ тіліне деген құрметті әндер арқылы ояту.

Фестиваль қатысушылары қазақтың белгілі композиторларының шығармаларына жаңа өмір беруге тырысып, жаңа заманауи нұсқада ұсынды. Атап айтқанда, Ескендір Хасанғалиев­тің «Бозторғай» әні, «МузАрт» тобының репер­туарындағы, басқа да танымал әндер шыр­қалды.

Кеште Бейбіт Қорған, Әлішер Кәрімов, Қазыбек Құрайыш, Еркеш Хасен, Мархаба Сәби, Әміре, Ayree, Sadraddin, Qanay, Kalifarniya, Rau, «Домино» тобы, Дильназ Ахмадиева, т. б. белгілі эстрада әншілері өнер көрсетті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button