Ел тынысы

ETANDAU.GOV.KZ платформасы түсіндірілді



Елордада ETANDAU.GOV.KZ платформасын түсіндіруге арналған жиын өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Платформаны түсіндіруге арналған семинарды Астана қаласының Білім басқармасы ұйымдастырды.
Мектеп директорлары, педагогтер, кітапханашылар қатысқан семинар «Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдауы» тақырыбында ұйымдастырылды.
ETANDAU.GOV.KZ платформасы – бұл оқулықтарды таңдаудың автоматтандырылған жүйесі.
Жүйе арқылы педагогтер оқулықтарды өздері таңдай алады. Мәселен биылғы оқу жылында пән педагогтері жаңартылған 3 – ші сынып оқулығын таңдайды.
Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға әсер етеді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button