Құқық

«Еурохаттаманың» артықшылығы қандай?

Өткен жылы жол-көлік оқиғаларын «жеңілдетілген тіркеуді» жүзеге асыру аясында жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін «Еурохаттама» мобильді қосымшасы енгізілді. Осыған сәйкес елордада 142 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті.

Енді екі көлік қана жол апатына ұшырап, оларға 369 мың теңгеден (100 АЕК-тен) аспайтын материалдық шығын келсе, жол-көлік оқиғасын тіркеу үшін полиция шақырудың қажеті жоқ.

Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жүргізушілер зақымдалған бөлшектерді суретке түсіріп, хаттама толтырып, сақтандыру компания­ларына тікелей залал туралы талап-арыз жібере алады.

«Мұның артықшылығы неде?» дейтін сауалға түсінікті болу үшін айта кетейік. Өткен жылы елордада жол-көлік оқиғасы салдарынан сот 29 мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салып немесе көлік жүргізу құқығынан айырған. Бұл бастама соның алдын алуға себепші болуы керек.

Бұған дейін жол-көлік оқиғасына байланысты сақтандыру төлемін алу  60 күнге дейін созылуы мүмкін болса, қазір тіркеуден бастап төлемдерді алғанға дейін шамамен 5 күн қажет болады. Осыған орай кейінгі кезде жол-көлік оқиғаларына қызмет көрсететін полиция жасақтарының саны қысқартылуда. Ал қысқарған күштер мен жасақ құралдары заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Еурохаттаманы енгізу полиция мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестірудің тағы бір оң қадамы ретінде бағаланып отыр.

Эльмира ШАУЛЕНОВА,

Астана қаласы

Полиция департаменті  ішкі және сыртқы

коммуникация  бөлімінің аға инспекторы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button