Жаңалықтар

ФИНЛЯНДИЯ – ТАЗА ЭНЕРГИЯ ЕЛІ



ФИНДЕР ӘЛЕМДЕГІ «ЕҢ ЖАСЫЛ» БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТ ДЕЙ ОТЫРЫП, КӨРМЕГЕ «ФИНЛЯНДИЯ – ТАЗА ЭНЕРГИЯ» ҰРАНЫМЕН ҚАТЫСАДЫ.

finlandinastana_illustration01

Шынымен де, павильонның ұраны көрменің тақырыбына үндес. Фин павильонын тұрғызу үшін құрылыс материалы ретінде 600 тонна қарағай ағашы пайдаланылды. Қабыр­ғалар арнайы бояумен сырланып, жасыл мүкпен көмкерілген. Ал, біздің білуімізше, мүк ауаны тазартып, оны оттегімен қанықтырады. Павильонның 300 бөлігін құрастыру үшін қазақстандық жұмысшылар атсалысты.
Мемлекеттің жасыл технология саласындағы жетістіктері аз емес. Финляндия – жаңғырмалы энергия көздерін технология саласында пайдаланатын үздіктердің үздігі. Энерготиімділік пен тұрақтылықты көрсетуге ниетті финдерге елдің 70 компаниясы көмектесті. Павильон «таза энергия», «таза су», «ақылды қала» және «білікті білім беру» деп аталатын төрт аумаққа бөлінген. Әрбір аумақ ең озық технологиялармен жабдықталған.

expo2017

Көрмеге «Ақылды қала» атағына ие Финляндиядағы Оулу қаласы үздік жобаларын арқалап келді.
18 маусым күні сағат 20:00-де қалалық әкімдік ғимаратының алдында қазақстан және фин жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Олардың қатарында Venior, Magicon және Joni Pakanen-ді ерекше атап өтуге болады. Ал кештің ең қызық тұсы деп көзге көрінбейтін гитарамен өнер көрсететін Nordic Thunder-дің сахнаға шығуы болмақ.
Оның алдында хабарлағанымыздай, павильонның құрметті қонағы, Финляндия президенті Саули Ниинистё Астанаға 19-21 маусымда келуді жоспарлап отыр.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button