Жаңалықтар

Гаитиде алапат зіл-зала



Сенбі күні Гаитиде болған жер сілкінісінен құрбан болғандар саны күрт артты. Құтқарушылар келтірген соңғы деректерге қарағанда, зілзала салдарынан 1300 адам құрбан болып, 6 мыңға жуығы түрлі дәрежеде жарақат алған.

Гаитидің құтқару қызметінің басшысы Джерри Чандлер өңірдегі ауруханалар жарақат алған адамдарға толы екенін хабарлады. CNN телеарнасы ауруханада орын жетіспеушілігі салдарынан медицина мамандарына далаға шатыр құруға тура келгенін хабарлады. Зілзаланың ошағы Порт-о-Пренсе қаласынан шамамен 8 км қашықтықта болған, жер сілкінісінің магнитудасы 7,2. Зілзаланың дүмпуі Гаитидің адамдар тығыз қоныстанған астанасы Порт-о-Пренсе (125 қашықтықта) мен көршілес елдерде де сезілген. Қазір өңірде жер дүмпулері қайтаналуда. Премьер Анри апат болған аймақты тікұшақпен шолып шығып, аймақта 1 айға төтенше жағдай жариялады. Жер сілкінген аймақта құтқару жұмыстарына тағы бір қауіп кедергі келтіруі мүмкін. Метеорологтардың хабарлауынша, Гаити «Грейс» дауылының траекториясында тұр. Сол себепті дүйсенбі немесе сейсенбі күндері бұл аймақта өте мол көлемде нөсер жауын жауып, су тасып, көшкін жүруі мүмкін.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button