Мәдениет

Халық жүрегіндегі қаһарман



Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрме өткізді.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Сағадат Қожахметұлының ерлікке толы өмірі жастарға үлгі екендігін айтып өтсе, Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің бастығы Ләззат Әлжан аталған іс-шараның тұңғыш Қорғаныс министрін ұлықтауға, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталғандығын атап өтті. Сағадат Нұрмағамбетовпен қызметтес болған отставкадағы полковник Казбек Владимирұлы естеліктерімен бөлісті.

Көрмеге Сағадат Қожахметұлының жеке заттары, осы уақытқа дейін жарияланбаған фотосуреттері мен құжаттары және басқа да жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары, әртүрлі әскери-оқу жаттығуларынан және күнделікті өмірдегі отбасымен түскен фотосуреттер орын алды. Олардың қатарында қысқы киім үлгісі мен плащы, нөмір бірінші Халық қаһарманы «Алтын жұлдызының» көшірмесі бар. Ақпан айының ортасына дейін тамашалауға болатын аталмыш көрме биыл Қазақстанның 10-нан астам қаласында (Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Семей, Павлодар, Қостанай, т.б.) ұйымдастырылмақ.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button