Елорда тынысы

Интернеттің сапасы жақсарады

Елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде GPON жоғары жылдамдық пакетін ­қамтамасыз ететін технология іске қосылды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мамандар әр абонент үшін арнау­лы магистральға қосылу арнасының құрылысы қалай жүзеге асырылатынын, үздіксіздік қалай қамтамасыз етілетінін және абоненттер бір желінің көмегімен қызметтердің тұтас пакетіне бір мезгілде қалай қол жеткізе алатынын көрсетті. Бұл қызметтің енгізілуі – елордамыз үшін технологиялық тұрғыда маңызды қадам. Жыл басынан бері оптикалық-талшықты байланысқа 45 көппәтерлі тұрғын үй кешені қосылды, бұл – шамамен 10 мың пәтер. Жыл соңына дейін бұл қызметтерді тағы 32 мың абонент пайдаланатын болады» деп түсіндірді Е.Каналимов.

Ол қалалық мәслихатта цифрландыру, азаматтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселелері тұрақты түрде көтеріліп келе жатқанын айтады.

«Тұрғын үй алаптарының тұрғындарымен кеңестердің бірінде биыл интернеттің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін 67 антенна – діңгек құрылыстарын орнату үшін жер учаскелерін бөлу мәселесін қысқа мерзімде пысықтауды тапсырдым» деді қалалық мәслихат төрағасы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button