Жаңалықтар

iQALA ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ?



iQala қызметтер орталығында жыл басынан бері 87 мың тұрғынның мәселесі оң шешімін тапқан. iQala орталығы тұрғындардың бір қағаз үшін бірнеше мекемені араламай, керек құжатын аз уақытта алуға мүмкіндік береді.

Мақсаты – «бір терезе» қағидаты бо­йынша қызмет ұсыну. Бұрын жарыққа, суға, жылуға қосылу және қоқыс шығару жөнінде келісімшарт жасау үшін жеке және заңды тұлғалар әрбір монополистті жеке-жеке айналып өту қажет болатын. Енді оны бір жерде, iQala орталығында немесе www.iqala.kz порталында ЭЦҚ көмегімен үйден шықпай-ақ алуға болады.

Бүгінде iQala елорда тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық секторының 152 қызмет түрін көрсетеді. Орталықтың алдағы жоспарында монополистердің барлық қыз­метін цифрландыру, цифрландырылған сервистер тізімін кеңейту, қызмет көрсету үшін бизнес-процестерді автоматтандыру және қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі тұр. iQala қалалық қызметтер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерін орталықтың фронт-офлайн форматында, сондай-ақ www.iqala.kz сайты арқылы онлайн ұсынады.

Қажетті қызметтерді алу үшін www.iqala.kz порталы арқылы аптаның кез келген күнінде тәулік бойы өтініш беруге болады. Ол үшін порталда ЭЦҚ арқылы тіркелу, содан кейін қажетті ұйымды, бұдан әрі қажетті қызметті таңдау қажет. Өтініштерді өңдеу мерзімі регламенттелген. Клиент өтінішінің дайындығы туралы ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.

Қызметтерді алу үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсеге де жүгіну қажет. Бұл дегеніміз елорда тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қызмет алу үшін әрбір коммуналдық қызметке жеке барудың қажеті жоқ. Енді барлық қалалық коммуналдық қызметтермен келісім жасасу үшін «бір терезеге» бару жеткілікті.

iQala қалалық қызметтер орталығы елорда әкімдігінің бастамасымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылды. iQala қалалық қызметтер орталығының жұмысы туралы толығырақ ақпаратты Instagram-дағы iqala_smartсity парақшасы мен www.iqala.kz порталынан таба аласыз немесе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek 109 байланыс орталығының бірыңғай нөміріне хабарлассаңыз болады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button