Жаңалықтар

КАНАДАДА БАЙҚАУ­ҒА ҚАТЫСАДЫ



Жас режиссер Райымбек Әлжановтың «Мерген» атты қысқаметражды фильмі жанрлық киноларға арналған әлемдегі беделді фестивальдердің бірі – халықаралық Fantasia кинофестиваліне қатысады. Аталған кино байқауы тамыздың 5-і мен 25-і аралығында Канадада өтеді.

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Монтаждау жұмыстары аяқтала салысымен фильм осы байқауға жіберілді.
Фильмнің оқиғасы XVII ғасырдағы Ұлы даладағы соғыс кезінде өрбиді. Аталған фильмде жас та болса, қолына қару алып, отбасын қорғауға бел буған Мерген есімді баланың өмірі баяндалады. Фильм­дегі басты рөлді Әлихан Әби сомдайды. Сондай-ақ бұл картинаға Райхан Айтқожанова және Дулыға Ақмолда сынды танымал актерлер түскен. Фильм­нің түсіру жұмыстары Алматы облысындағы Түрген шатқалында және «Қазақфильмнің» павильондарында жүргізілді.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button