Жаңалықтар

Карантин талаптарын сақтамады



Соңғы 3 күн ішінде мониторингтік топтар 37 кәсіпкерлік нысанның карантин талаптарын бұзғанын анықтады.

Бір ғана Есіл ауданында 10 мекеме карантин талабына көз жұма қараған. Олардың қатарында «Baobao», «The Sky», «Fashion bar», «Baoli», «Opus One» мейрамханалары мен «Панаехали» және «D1» бары, «Pinecone», «Текила» лаундж-барлары да бар. Сонымен қатар «Garage» музыкалық барында, «Oldboy» барбершоп, «Masters» үстел теннисі клубы, «Leo kids» және «Tompag» балалар ойыншығы мен киім дүкендері, «Лото клуб», «Ирис» түнгі клубтары бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамаған.

Алматы ауданындағы «Лото клуб», «Bravo» барлары, «Томирис» кафесі мен Сарыарқа ауданының «Мирас», «Гаухартас», «Арна», «El plaza», «Астау» мейрамханалары және «Банный двор» және «Пропарься» монша кешендерінде, «Pirat bar» және «Skysmoke» кафе-барында да карантин талаптарын бұзу фактілері тіркелді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар санитарлық-­эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді. Аталған орган кәсіпкерлік нысандарға жаза қолдану бойынша шешім шығарады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button