Жаңалықтар

Кәсіби мерекесімен құттықтады



23 маусым Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні болып белгіленген. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті үздік мемлекет қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады. 

ghjgjd

Жиынды бастаған департамент басшысы Тілеген Қаскин:
– Еліміздің зор жетістіктерге жетуінде мемлекеттік қыз­меткерлердің еңбегі аз емес. Олар жүктелген міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, егеменді еліміздің даму жолында өз үлестерін қосуда. Президентіміздің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, «Қазақстан-2050» Стратегиясында және халыққа арнаған Жолдауында әлемнің ең дамыған, бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену басты мақсат екендігін айтады. Еліміздің болашағына адал қызмет ету үшін мемлекеттік қызмет­керлердің кәсіби деңгейін жоғарылатып, халық­тың оларға деген сенімін арт­­тыру керек, – дей келе мем­лекет қызметтің үлкен жауап­кершілікті талап ететін маңызды сала екендігін жеткізді. Сөз соңында Т.Қаскин мемлекеттік қызметкерлерді мейрамымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Мерекелік шарада еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосып жүрген үлесі үшін бірқатар басқарма басшыларының еңбегі еленді. Марапатталғандардың қатарында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов, Есіл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Русланбек Қойбаков, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев, Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы Самал Күлбатырова бар. Сондай-ақ, агенттіктің алғыс хатымен Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Динара Омарова, Астана қаласы Энергетика басқармасының бөлім басшысы Мақсат Ес­мағұлов, Астана қаласы Энер­гетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев марапатталды.

Агенттіктің Астана қаласындағы департаментінің ал­ғыс хаттарымен Астана қаласы әкімдігінің өкілдерінен бөлек, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың 34 қызметкері марапатталды.Сондай-ақ, Тілеген Қасқин Есіл ауданының әкімдігінде тағы 10 адамды құттықтады. Олар – Ермағанбет Бөлек­паев, Әділбек Сәрсембаев, Қай­рат Қожамжаров, Рысгүл Қауға­баева, Талғат Рысбеков, Әлі­шер Әбдіқадыров, Берік Мар­­жықпаев, Асхат Оралов, Да­нияр Есин және Ерсін Өтебаев.

Гүлдана Талғатқызы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button