Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ



«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Астана қаласы бойынша филиалы өткен жылды қорытындылап, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиын барысында Астана фи­лиа­лының директоры Исламбек Қайырбеков алдымен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, дамыту бойынша жасалған «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағдарла­ма­сының мақсат-міндеттері жөнінде әңгімеледі. Осы бағдарлама қолға алынғалы бері көптеген жаңа кә­сіп­орындар құрылып, табысты жұ­мыс істеп жатыр. Сондықтан бұл бағдарлама аясында қолдау көрсету үнемі басты назарда.

Филиал басшысының айтуынша, өткен жылы Астанада субсидиялау бойынша 76 келісімшарт жасалған. Несиелік портфельдің жалпы сомасы – 22,3 млрд теңге. Ал өткен жылы төленген субсидия көлемі 3,02 млрд теңгеге жеткен екен. Жобаларды субсидиялау бағытында бірқатар банк­тер белсенді жұмыс жасап жатқан көрінеді.

Кәсіпкерлердің жобаларына кепілдік беру аясында «Даму» қоры 154 жобаны мақұлдаған. Ал 108 жоба бойынша келісімшарт жасалған. Оның жалпы құны – 5,8 млрд теңге шамасында. Астанада «Даму» қоры кепілдік берген шағын жобалардың бірі жеке кәсіпкер Н.Молдашевтің қол сүртетін қағаздар өндірісі екен. Жобаның жалпы құны 848 202 теңге болса, кепілдік қаржы көлемі – 720 971 теңге көлемінде.

Сондай-ақ, «Даму» қорының Астана филиалы кәсіпкерлерге қаржылай қолдаудан басқа да көмектер көрсетіп жатады. Мәселен, бизнес-жоспарлар жасау, бизнес-идеяларды жүзеге асыру бағытында нақты кеңестер береді, заңгер көмектерін ұсынады. Өткен жылы аталмыш қор филиа­лы жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында «Startup Bolashak» стартап-жобасы байқауын өткізген. Ислам Қайырбеков өз сөзінде байқау нәтижесінде Астанада қандай жобалар қайтарымсыз гранттарға ие болғанын да атап өтті.

Қазіргі уақытта жұмыстарын енді бастаған астаналық кәсіпкерлер арнайы бағдарламадағы «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментіне оқыту», «Іскерлік байланыс» сияқты көптеген жобаларға қатысып, бизнестің қыр-сырын меңгеруде. Бұл да оларға үлкен қолдау.

Баспасөз-мәслихатына қаты­су­шылар соңында Астана қаласы әкімдігімен бірге жүзеге асырылып жатқан аймақтағы жаңа бағ­дарламалардың тәртібімен танысып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге байланысты сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

М. НҰРЫМҰЛЫ, astana-akshamy.kz




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button