Мәдениет

Кездесу арқауы – «Шәкәрім» шығармасы



Елордадағы Музыкалық жас көрермен театры әртістері белгілі жазушы, драматург, ­аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ­Ермек ­Аманшаевпен кездесті.

Аталмыш театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров қонақты таныстыра келе: «Ермек Әмірханұлы өзінің саналы өмірін үлкен әдебиетке, жазушылыққа және қазақтың мәдениетіне арнап келе жатыр. Драматург ретінде алғашқы қадамын қазақ өнерінің қасиетті қара шаңырағы Мұхтар Әуезов театрында Әзірбайжан Мәмбетовтің жолдамасымен бастады. Әзірбайжан Мәмбетов жасы 24-ке енді келген жігітті баласынбай, «Үзілген бесік жыры» деп аталатын драманы қойды. Ол қойылым сол уақытта театр өнері кеңістігінде үлкен құбылыс болды» деді.

Одан соң Ермек Аманшаевпен осы кездесуге арқау болған «Шәкәрім»
шығармасы екенін айтып, бұл туынды театрдың келесі жылғы жоспарына енгізі­летінін, ал әзірге талқылау жүргізілетінін атап өтті.

Ермек Аманшаев шығармасының кейіпкері туралы сөз өрбітіп, бұл шығарма тек драма ғана емес, опера да болуы керектігін айтты, Шәкәрімді шама келгенше көбірек насихаттау керектігіне тоқталды. Тарихтың атасы Геродоттың шығармалары желісімен жазылған «Патшалар тағдыры» және басқа да өзінің шығармаларымен таныстырды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button