Жаңалықтар

КЕЗІНДЕГІ КӨРКЕМ ҮЙ



Сәулет өнерінің бір сәні Эркер – латын тілінен аударғанда садақ деген мағына береді. Бұл садақтай доғашаланып келіп, теп-тегіс ғимараттың қас бетінен шағын ұя секілді алға шығып тұратын кіші құрылыстың белгісін айтады.

Осындай үш қабатты үйдің бірі – бұрынғы Тың игерушілер сарайының қарсысында 1960 жылы салынды. Көп жылдар бойы төменгі қабатында әйелдер кеңесі орналасқан болатын. Бұл үй 1-204 сериясымен жалпыодақтық жоба бойынша кеңестік қалалардың орталық үйлеріне көрік беретін. Әрі соғыстан кейінгі қираған қалаларды қалпына келтірудің бір белгісі ретінде кеңестік сәулет тарихында қалып қойды. Тың игерушілер қаласының Бейбітшілік, Жеңіс, Желтоқсан (Комсомольская) және Есенберлин (Монин) көшелерінде тың игеру жылдары көптеп салынды.
Суреттегі Бейбітшілік, 5 үйдің сәулетшісі Алиса Заболотной (1913–1994). «24 пәтерлі үй» жобасының бір түрі.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button