Мәдениет

Кино музыкасының жауһарлары



Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфония­лық оркестрі «Нино Рота мен Эннио Морриконенің алтын коллекциясы» концертін ұсынды.

Кеште осы танымал композиторлардың «Өкіл әке», «Тәтті өмір», «Ромео мен Джульетта», «Бірде жабайы Батыста», т. б. көркем фильмдерге жазған музыка әуеледі. Нино Рота Федерико Феллини, Лукино Висконти, Френсис Форд Копполо сынды белгілі режиссерлермен жұмыс істеп, «Оскар», «Алтын глобус», «Грэмми» сияқты әлемдік беделді сыйлықтарды иеленді. Ал Эннио Морриконе 400-ден астам фильм мен телехикаяға музыка жазды. Ол екі рет «Оскарды» алды. Соның бірі кинематографқа сіңірген зор еңбегі үшін берілді. Сондай-ақ үш мәрте «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты атанды.

Кештің лирикалық шарықтау шегі Шекспир трагедиясының ең танымал интерпретациясының бірі – Франко Цеффиреллидің «Ромео мен Джульетта» (1968 ж.) фильміндегі Нино Ротаның музыкасы болды. Осы кеште оның «Ла Дольче Вита» шығармасы да орындалды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button