Жаңалықтар

КӨКПАРШЫЛАР ТАРТЫСЫП, БАЛУАНДАР БЕЛДЕСЕДІ…



Қала әкімдігі «ЕХРО-2017» қонақтарына арнап 20-дан астам спорттық шара дайындап қойды.

565433

Маусымның 24-27 аралығында «Дәулет» спорт кешенінде көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа 15 елден келген ең мықты деген 150-ге жуық спортшы қатысады. Ал 1-2 шілдеде Алтыншы каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаты өтеді. Елордаға түрлі мемлекеттерден 196 каратэші жиналып, бақ сынасады. Араға бір апта салып, елордада түңғыш рет каратэ-до бойынша Азия чемпионаты ұйымдастырылмақ. «ЕХРО» көрмесі аясында әлемнің ең мықты мергендері Астанаға ат басын бұрады. Себебі 3-14 тамызда «Алаш» тас жолының бойындағы «Эльдорадо» ату алаңында спортинг бойынша EXPO 5 Үлкен чемпионаты, EXPO-2017 Гран-при халықаралық турнирі және стенд атудан 7-ші Азия чемпионаты өтеді.

Көрме аясында шетелдік меймандар қазақтың ұлттық ойындарымен жете танысуға мүмкіндік алады. Мәселен, Қазанат атшабарында 20-28 тамыз аралығында көкпардан әлем чемпионаты өткізіледі. Үш айдың ішінде тоғызқұмалақтан, белбеу күресінен, «Әлем барысы» атты қазақ күресінен абсолютті әлем чемпионатының жалауы көтеріледі. Сондай-ақ, 17 шілдеде теннистен «Президент кубогі-2017» халықаралық турнирі басталады.
Әлем назарын өзіне аударатын дүбірлі додалардың бірі – «Жібек жолы-2017» халық­аралық раллиі.

– Мәскеу – Астана – Сиань бағыттары бойынша жүріп өтетін көлік керуенін асыға күтетіндер көп. Ралли аясында елордаға 500 спорттық көлік пен 1,5 мың қатысушы келеді. «Хан шатыр» сауда орталығында жанкүйерлер спортшылармен фотоға түсіп, тілдесе алады, – деді ол.
Жалпы, халықаралық жарыстың басталуы Мәскеудің Қызыл алаңында 7 маусымға жоспарланған. Ал ралли марафоны Қытайдың ең ежелгі астаналарының бірі – Сиань қаласында 22 шілдеде аяқталады деп күтілуде.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button