ЖаңалықтарҚала мен Сала

Көмір нарығы ұдайы бақылауда



Көмір нарығындағы жағдай Астана қаласы әкімдігінің бақылауында, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл туралы кеше әкімдіктің аппарат жиынында Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді.
– Астанада көмірге қатысты жағдай тұрақты. Қорғалжын, Сабынды, Аршалы, Максимовка сияқты Астана маңындағы ауылдар мен елді мекендер көмірді бізден алады да, кейін оны жергілікті жерде сатады. Бұған сол ауылдар мен аудандарда тиісті теміржол тұйы­ғы стансаларының жоқ­тығы себеп. Олар үшін көмірді Астанадан алып, өздеріне апарып сатқан тиімді. Күн сайын Астанаға жеткізілетін 88 вагон көмір толығымен сатылып кетіп жатыр, – деді Малика Бектұрова.
Астана қаласы әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда қа­ла­дан тысқары елді мекен-
­дерден ағылатын кө­лік­тер саны айтарлықтай қысқарған. Бұрынғыдай ұзақ-сонар кезек байқалмайды. ҚТЖ, ERG, Қазақмыспен көмірді жеткізуге қатысты мәселелер толық­тай ше­шілген.
Осы ретте Астана әкімі Әсет Исекешев тиісті басқарма басшыларына көмірге қатысты жағдайды ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.

Дерек пен дәйек

Күн сайын­ғы мониторинг мәліметтеріне сәйкес, бүгінде Астанада қатты отынның 6015 тоннасы бар. Оның
3105 тоннасы – Шұбаркөл, 1 400 тоннасы – Қаражыра, 1 140 тоннасы – Майкөбе.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button