Жаңалықтар

КӨПЕС САЛҒАН КӨНЕ ҒИМАРАТ



Қаланың ескі орталығында орналасқан екі қабатты ғимаратта ХІХ-ХХ ғасырда Ақмола қаласының танымал көпестерінің бірі – П.Силин тұрған үй. Ал 1918 жылы бұл жерде Ақмола қаласы Қызыл армиясының екіншісі ротасы орналасқан екен.

Тарихи деректерге сенсек, бұл ғимаратта ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Президент іс басқармасының медициналық орталығы орналасса, 1997-98-ші жылдары – астананы көшіру бойынша комиссияның штабы болған.
Жоғарыда аталған ғимараттың бұрышында 2005 жылы 19 мамырда Беларустің Қазақстан Республикасындағы елшілігі ашылды. Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенконың ресми сапары кезінде ашылды. Көне ғимараттың сәулет және көркемдік үлгісі модерн элементтерімен сипатталып, классикалық стильде салынғандығымен ерекшеленеді. Сәулеттік ғимараттың тектоникасы, жиек тастары төрт қырлы тірек көмегімен тұрғызылғандығы әрі мықты ернеуімен көз тартады. Кенесары, 35 мекенжайында орналасқан тарихи нысанды 2019 жылға дейін Беларусь елшілігі иемденді. Одан кейін өткен жылы ғимарат кілті кәсіпкердің қолына тиіп, мейрамханаға айналдырды. Кәсіпкердің айтуынша, ғимараттың жалдау ақысы бастапқыда айына екі миллион теңгені құрапты.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button