ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚоғам

КӨРМЕ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАЙДЫ



Өткен аптада елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін, сондай-ақ, қала тыныштығын күзететін жауынгерлердің саны артты. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне қабылданған 790 жас сарбаз салтанатты жағдайда Отанға ант берді.

Астана іргесіндегі ТМД бойынша ең үлкен әскери қалашықта құқықтық тәртіп әскерінің жедел мақсаттағы құрамасы орналасқан. Бахтияр Қазанбаев Павлодар облысы Ақсу қаласынан келіпті. «Биылғы шақырылымға түскенім үшін өте қуаныштымын. Біз ЭКСПО көрмесінің тыныштығын сақтауға атсалысамыз. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар бізге назарларын аударып, бағаларын береді. Біз өзімізге жүктелген міндетті мінсіз атқаруымыз керек» дейді ол.

Бүгінде бұл қалашықта құраманың жеке құрамымен бірге, халықаралық көрме кезіндегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында әскердің басқа өңірдегі әскер бөлімдерінен арнайы келген жауынгерлер де бір отбасындай бірлікте қызмет атқарып келеді.

Ұландықтар ауқымды шараның қауіпсіздігіне бағытталған күшейтілген режимдегі қызметке мамырдың 29-ынан бастап кіріскен болатын. Осы аралықта түрлі қырағылық танытып, заң бұзушыларды құрықтап, үлгілі қызметімен ерекшеленіп келеді.

Қырық күн арнайы оқу бекеттерінде жаттығып, әскери өмірдің күн тәртібіне дағдыланып, саптық дайындықтарын шыңдаған жаңа шақырылым Ант қабылдау рәсімінен кейін қала көшелерінің тыныштығын күзету үшін жауынгерлік қызметке кіріседі.

Гүлжан РАХМАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button