Жаңалықтар

КӨРМЕДЕ ҚЫЗЫҚ КӨП



Астана әкімдігі «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің мәдени бағдарламасын әзірледі. Ойын-сауық шаралардың 70 пайызы ашық алаңда өткізіліп, қала шетіндегі тұрғын үй алаптарын қамтымақ.

5

Әкімдік көрмеге 647 мәдени-бұқаралық шараларды орайластырды. Қала тұрғындары мен қонақтары көрменің ресми ашылу салтанатын және жабылу рәсімін тікелей эфирден тамашалауға мүмкіндік алады. Үлкен LED экрандар «Бәйтерек» монументінің алаңында, қалалық алаңда және Студенттер саябағында орнатылмақ. «Astana Art Fest», «Астана самалы», «Серпер», «Сахнадан сәлем» сынды дәстүрлі шаралардан бөлек, елордалықтар мен меймандар КВН ойындарының жазғы кубогына, Е.Плющенконың қатысуымен өтетін мұз айдынындағы мәнерлеп сырғанау шоуына, қытайлық «Kungfu revelations» шоуына қатыса алады. Билеттер www.koncertyastany.kz  сайтында сатылады. Айта кетейік, шаралардың басым бөлігі кіші және орта бизнес өкілдерінің қолдауы­мен ұйымдастырылады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button