Жаңалықтар

Көрмеге Миланның вице-мэрі келді



Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өзінің итальяндық әріптесі Анна Скавуццомен кездесті.

Елордада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің даярлығы кезінде итальяндық елшілік қазақстандықтармен тығыз байланыс жасап, әріптестік орнатқан еді.Елордада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің даярлығы кезінде итальяндық елшілік қазақстандықтармен тығыз байланыс жасап, әріптестік орнатқан еді

– Астана Миланда өткен «ЭКСПО-2015» әлемдік әмбебап көрмесіне дайындық барысын мен аталмыш шараны өткізудің тәжірибесін қабылдады. Бұл тұрғыда мен елшінің белсенді жұмысын және екі қала арасында байланысты нығайтудағы, әсіресе, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Италия елшілігі қызметкерлерінің жұмысын атап өткім келеді. Алдағы уақытта бұл байланыс кеңейе  түседі деген сенімдемін, – деді Ермек Аманшаев.

Айта кетейік, Италиядағы «EXPO MILANO-2015» көрмесінің жабылу салтанатында ЭКСПО жалауын Қазақстанға тапсыру рәсімі өткен болатын.  Сол кезде біздің ұлттық павильон «Тақырып пен контентті аша білу» аталымы бойынша ең үздік павильондардың үштігіне кірді. Сонда Италия Республикасының президенті Серджио Матарелла «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде еліміздің алдыңғы қатарға шығатынына сенім білдірген еді.

Ермек Аманшаев өз сөзінде, 2015 жылы Астана күні мерекесіне орай  елордаға сапармен келген Миланның мэрі Джулиано Пизапианың қадамы Астана мен Италия арасындағы маңызды оқиғалардың бірі болғандығын жеткізді.2015 жылы Астана мен Милан арасындағы байланыс және қалалық азық-түлік саясатының Милан Конвенциясы меморандумына қол қойылған болатын.Бүгінде екі ел арасындағы достық қатынас өңіраралық әріптестіктің дамуына септігін тигізуде.

 Серік Жолдасбай




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button