Жаңалықтар

Көше ішінара жабылды



Елордадағы Ш.Айманов көшесінің С.Сейфуллин көшесінен Ж.Омаров көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін 16-20 тамыз аралығында ішінара жабылады.

Мұнда Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар демалыс күндері Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі №27 көше мен Хусейн бен Талал көшесі жабылған болатын. Салалық басқарма мен қалалық Полиция департаменті елорда жолдарында кептеліс тудырмау үшін көлік жүргізушілеріне өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button