Қала мен Сала

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ



«Жария» халықаралық орталығы» қоғамдық қоры мен «Қырғызстан-Астана» қыр­ғыз этномәдени орталығы мемлекеттік қызмет көрсету аясында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

SONY DSC

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, Астана қаласының Көші-қон басқармасы мен Алматы ауданының ХҚКО қызметкерлерімен кездесті. Осылайша, еңбек миг­ранттары қатысындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы жайында сөз қозғалып, азаматтардың шағымдарымен таныс­ты. Іс-шара барысында қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтық қоғамның ықпалын арттыру мәселесі де қаралды. Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бас­тығы Гүлвира Дөненбаева «ЭКСПО-2017» көрмесінің басталуына байланысты жаңа ережемен таныстырды. «Елордадағы еңбек мигранттары арасында қырғыз­дардың үлес салмағы басым. Сондықтан да қатысушыларға қырғыз тілінде жазылған еңбек мигрантының құқықтары мен қолданыстағы заңның талаптары көрсетілген жадынама таратылды. «1421» жедел желі іске қосылып, миг­рация саласындағы жемқорлық фактілері туралы тиісті органдарға шағымдануға мүмкіндік беріп отыр. Осы тұрғыда мүдделі органдармен бірлесе отырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра аламыз» деді «Қыр­ғызстан-Астана» қырғыз этномәдени орталығының жетекшісі Шавкат Исмаилов.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button