ЖаңалықтарТағзым

ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Кеше елордадағы «1932-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш» монументінің алдында сол бір қаралы жылдары қаза болғандарды еске алуға арналған тағылымды шара өтті.

nur.kz сайтынан алынған
nur.kz сайтынан алынған

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдардан бастап қырқыншы жылдарға дейін жалғасқан аштық пен қуғын-сүргін оқиғалары еліміз үшін қасіретке толы кезең болды. Халқымыз аштықтан қынадай қырылып, саны жағынан тең жартысынан айырылды. Талай жақсылар мен жайсаңдар түрмеге тоғытылды. Осы сөзді жазғанда көмейге өксік тығылады. Неге? Өйткені ұлтымыз ешқандай соғыс немесе төтеннен келген апатсыз қолдан ұйымдастырылған қырғынның құрбанына айналды.

Жиын алдымен саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына бір минут үнсіздік жариялаумен басталды.
– Бүгін біз тарихта қаралы із қалдырған маңызды шараға жиналып отырмыз. Сол бір сұрапыл жылдары 2 миллионнан аса адам тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Еліміздің бетке ұстар зия­лы азаматтары түрмеге жабылды. Олардың отбасылары да түрлі азапты бастан кешті. Қаншама жұртымыз басқа жерге жан сау­ғалап кетті. Біздің елге де жүзден аса ұлттың өкілдері зорлықпен көшірілді. Соның бәрі жадымыз­да жаңғырып тұр. Өткен тарих ешқашан ұмытылмайды. Құрбан болғандардың рухына басымды иемін, – деді қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов. Одан кейін елорда мәслихатының төрағасы Жанат Нұрпейісов, «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы Болысбек Мұхамеджан сөз сөйледі.

«Тұтас ұлттың тең жарымын жойып жіберген мұндай оқиға соғыста да болмаған. Соның бәрі – қасірет. Мен бүгінгі шараны қайғылы күн деп айтар едім. Еліміздің тәуелсіздігі мен жарқын келешегі үшін ғасырлар бойы қырылған бабаларымызды еске алатын, содан жас ұрпақ ой түйе­тін күн болу керек» дейді белгілі заңгер Сабыр Қасымов.

Шара барысында аштық құрбандарына арналған ескерткішке Астана әкімдігі мен елорда мәслихаты және қаладағы қоғамдық ұйымдар атынан гүл шоқтары қойылды.

Азамат  ҚҰСАЙЫН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button