Жаңалықтар

АСТАНАҒА ВАРШАВА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Астана халықаралық әуежайына «LOT Polish Airlines» авиакомпаниясының Рейстер Boeing-737 авиалайнері келіп қонды. Осы оқиға аясында Астана мен Варшаваның арасын жалғастыратын жаңа әуежолының ашылу салтанаты өтті. Оған Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Астана әуежайы Басқармасының төрағасы  Паоло Ричиотти қатысты.

385c7bbd1a1f44cead4230f8b62df6b5_crop_l_3_t_170_w_1019_h_573

«LOT» авиакомпаниясының төрағасы Рафал Мильчарский өз сөзінде  Польшаның сыртқы тауар айналымында Қазақстанның маңызды рөліне тоқталды. Екі ел арасында тауар айналымы 2016 жылы 759,4 млн долларды құраған екен. Рафал мырза қос қаланың арасын жақындастыратын тікелей рейстердің арқасында бұл көрсеткіш алдағы уақытта әлі де өсетініне сенім білдірді. «LOT Polish Airlines» авиакомпаниясы – әлем бойынша 70-тен астам бағыт бойынша орныққан ұшу желісі мен 37 әуе кемесімен жабдықталған Польшаның ұлттық авиа­компаниясы. Жаңа бағыт Астана мен Варшава арасына аптасына 4 рет қатынайтын болады. Сонымен бірге, «LOT» компаниясы – «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми серіктесі болып табылады. Авиакомпания көрмеге келетін жолаушыларға бизнес, эконом-премиум және эконом секілді қызмет көрсетудің 3 санаты бойынша қолайлы саяхатпен қамтамасыз етпек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button