Мәдениет

«Күміс қабыланға» ие болды



Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» атты қысқа-метражды фильмі Швейцариядағы халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болды.

«Бұл мүлдем таңқаларлық жайт. Біздің «Өркениет тарихы» фильміміз Локарнодағы халықаралық кинофестивальде «Күміс қабыланға (pardini d’argento)» ие болды» деп жазды Жаннат Алшанова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, марапат командасына үздік қысқа метражды фильм аталымы бо­йынша берілген. Локарнодағы халықаралық кинофестиваль маңыздылығы жағынан Еуропадағы Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдерінен кейін төртінші орында тұр. Фестивальдің Швейцарияның Тичино кантонындағы итальян тілдес шағын қалашықта өткеніне қарамастан, жыл сайын кино көрермендердің, киноматографис­тердің және киношолушылардың үлкен шоғырын өзіне баурап отыр. Байқаудың бас жүлдесі – «Алтын қабылан» деп аталады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button