Жаңалықтар

Ливанда жарылыс болды



Ливанның солтүстігінде мазут тиеген танкер жарылып, 28 адам ажал құшты. Тағы жүзге жуығы жарақат алып, бірнешеуі ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлау­ынша, танкерде 60 мың литрдей мазут болған. Бұрынғы Премьер-Министр Саад Әл-Харири осыған байланысты қазіргі Үкіметті отставкаға кетуге шақырды. Бір жыл бұрын Бейрут айлағында да осындай жойқын жарылыс болып, сол кездегі Үкімет басшысы биліктен кеткен болатын.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button