Денсаулық

МАМАНДЫҚҚА, ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ



ЕРЕКШЕ КӘСІБИ МЕРЕКЕ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕРЕКШЕ АЛҒЫС СӨЗДЕРІН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ, БОСАНУШЫЛАРҒА, АУЫР ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БОСАНАТЫН ӘЙЕЛДЕРГЕ, АЗ САЛМАҚПЕН ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН, БАР ӨМІРІН АУЫР ЖӘНЕ ИГІ ІСКЕ АРНАҒАН ЖАНДАРҒА АРНАЛАДЫ. БҰЛ – ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАРИХЫ МОЛ, ЕСКІ БОСАНДЫРУ МЕКЕМЕСІ №2 ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ. 

1998 жылдан бастап іске қосылған №2 перинаталдық орталық бұрын елордамыздың жалғыз перинаталдық орталығы болды. Медициналық техникамен жабдықталуды, медициналық персоналмен толықтырылуды, нәрестелерді күтудің екінші кезеңінің болуын есепке ала отыра, қалалық босандыру мекемелері құрылымында перинаталдық қызмет көрсетудің үшінші деңгейі тағайындалды. №2 перинаталдық орталық қабырғасында біліктіліктері заманауи деңгейде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін және қаланың медициналық мекемесінің жоғары атағына сәйкес келетін 500-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Дәрігерлік мамандықтар арасында денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, акушер-гинеколог дәрігерлер, неонатологтар, анестезиолог-реаниматологтар, терапевт дәрігерлер, ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері, лаборанттар, генетиктер, эпидемиологтар, психологтар және басқа да маман иелері бар. Астана қаласының жетекші босандыру мекемесін басқаратын жоғары біліктілік санатты акушер-гинеколог дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, бас дәрігер – Уразбаева Гульфайруз Галимовна. Еңбек өтілі 20 жылдан асатын ол Алматы мемлекеттік медициналық институттың емдеу факультетін тәмамдады, Алматы қ., №2 перзентханасында қызмет етті, Алматы қаласы ана мен бала денсаулығын қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығында аспирантураны тәмамдады. 2007 жылдан бастап елордамыздың денсаулық сақтау жүйесінде қызмет етіп келеді. Алдымен «Ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ жүктілер патологиясы бөлімі меңгерушісі болды. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап елордамыздың тарихы мол, ескі перинаталдық орталықты басқарып келеді.
Гульфайруз Галимовна жас мамандардың тәрбиесі мен қалып­тасуына аса назар аударады. №2 перинаталдық орталық мамандары әрдайым практикалық халықаралық конференцияларға шығады: Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Сочи, Новосибирск қалаларына, Белоруссияның Минск қаласына, Литваның Вильнюс, Каунас қалаларына және алыс шетелдерге: Ұлыбританияға, Чехияға, Кореяға.
Гульфайруз Галимовна 2007 жылдан бастап «Медицина ғылымының кандидаты» ғылыми дәрежесіне ие, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгімен марапатталды, қала әкімінен, «Нұр Отан» партиясының орталық және аудандық аппараттарынан алғыс хаттарға ие, Денсаулық сақтау басқармасынан, Денсаулық сақтау министрлігінен грамотамен мадақталған. «Тәуелсіздіктің ақ таңы» Республикалық қоғамдық-саяси журналында Гульфайруз Галимовна еңбек қызметіне жоғары білікті маман және аянбайтын, кең пейілді адам ретінде баға берілді.
Досова Куляш Ибиньевна – жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек өтілі – 38 жыл, №2 перинаталдық орталықта 1982 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Бұл – елордамыздың басым көпшілігіне аты әйгілі құрметті дәрігер. Өз ісінің шебері, ұзақ жылдар бойы орталықтың ең қиын бөлімдерінің бірі – босану блогының меңгерушісі қызметін атқарды, жас мамандардың тәлімгері. Оның тәлімгерлігінде жас мамандар тобы тәрбиеленді. Мамандандырылған медициналық көмектің толық көлемін иеленген, әлі де еңбек жолында және жоғары білікті маман үлгісіне айналды. Бірнеше рет №2 перинаталдық орталық, Астана қ., Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының алғыс хаттарымен, «Астанаға – 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Тёмкин Сергей Маркович – жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, еңбек өтілі – 34 жыл, №2 перинаталдық орталықта 1985 жылдан бастап қызмет етеді. Бұл – дәрігерлер династиясының елордамыздың халқына аты әйгілі дәрігер. Ұзақ жылдар бойы перинаталдық орталықтың жүктілер патологиясы меңгерушісі қызметін атқарды. Қалалық денсаулық сақтау ісінің даму тарихында Тёмкин Сергей Марковичтің есімі ол басшылық еткен Астана қаласы №3 қалалық перзентхана ашылып, жұмыс жасай бастаған уақыттан қаланды, қазіргі таңда бұл мекеме №1 перинаталдық орталық деп аталады. С.Тёмкин қызметін жалғастыруда және жоғары білікті маман үлгісін береді.
Аимбетова Бақыт Жексеновна – №2 перинаталдық орталық бас дәрігерінің емдік-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек өтілі – 34 жыл. Ұзақ жылдар бойы Сәтпаев қ., бас штаттан тыс акушер-гинеколог қызметін атқарды, әрдайым ургент қызметінде жүрді, санитарлы авиация бригадасы құрамында алыс аудан тұрғындарына акушерлік пен гинекология бойынша шұғыл көмек көрсетті, «денсаулық пойыздарында» жұмыс жасады. Қалалық денсаулық сақтау жүйесінде 2005 жылдан бастап қызмет етіп келеді. № 2 перинаталдық орталықта ең алдымен босану блогының дәрігері ретінде, кейін ана мен бала босанғаннан кейін бірге болатын бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап бас дәрігердің емдік-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары, ургенттік қызмет көрсетуді жалғастыруда. Бірнеше рет №2 перинаталдық орталық басшылығының, Астана қ., Денсаулық сақтау басқармасының, Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Саимова Сәуле Рахимбердиновна – жоғары білікті санатты акушер-гинеколог дәрігер, «Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары білікті санаты бар, ҚР ДСМ аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, денсаулық сақтау ісінің үздігі. Еңбек өтілі – 38 жыл. 1979 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институттың емдеу факультетін үздік бітіріп, Павлодар облысы Екібастұз қаласының перзентханасында дәрігер қызметін атқарды, кейін 10 жыл бойы әйелдер консультациясы меңгерушісі қызметінде болды. 2002 жылдан бастап елордамыздың денсаулық сақтау жүйесінде қызмет етіп келеді. Бұл дәрігер – өз ісінің маманы, ұзақ жылдар бойы №2 перинаталдық орталық консультативті-диагностикалық блогының меңгерушісі болып жұмыс жасады, жас мамандардың тәлімгері. Бірнеше рет №2 перинаталдық орталық басшылығының, Астана қ., Денсаулық сақтау басқармасының, Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Рес­публикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Алтын дәрігер» медальдарымен марапатталды.
Дёмина Алла Николаевна – жоғары санатты неонатолог-реаниматолог дәрігер, еңбек өтілі – 31 жыл. 1986 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтының педиатрия факультетін тәмамдады. 1994 жылдан бастап №2 перинаталдық орталықтың неонаталды реанимация бөлімі меңгерушісі қызметін атқарады. Сауатты маман, еңбекқор, жауапты, жаңа туған нәрестелерге үнемі және күнделікті жоғары білікті көмек көрсететін, кәсіби білім қоры мол дәрігер. Алла Николаевна басшылығымен және оның тікелей қатысуымен бөлімдегі жұмыс көрсеткіштерінде жақсарулар байқалуда, нәресте өлімінің төмендеуі, әрдайым жас мамандар, дәрігерлер және медбикелер арасында тәлімгерлік жұмысы жүргізіледі. Бөлімде белсенді түрде қауіпсіз ана атану принциптері, жаңа технологиялар енгізіледі: демалу кемістігі синдромы кезінде жаңа туған нәрестелерге сурфактантты инвазивті емес енгізу, босану залынан бастап «ашық өкпе» стратегия­сы қолданады, салмағы аз туылған нәрестелерге ЦВЛ қою енгізілді. Экстремалды төмен және өте төмен салмақты нәрестелерді күтудің принциптері енгізілді, «28 петель» ұйымымен белсенді түрде байланыс жүргізіледі, емізуді насихаттау және оны ұстану принциптері жүреді. Мүмкіндігінше (науқастың жағдайына қарай) шала туылған нәрестелерді күту процесіне анасы да қосылады, әрдайым «Кенгуру әдісі» қолданылады. А.Демина баспасөзде мақалалары жарияланған: 2013 жыл, №2 «Анестезология и реаниматология Казахстана» журналы: Сурфактант терапиясына алмастыратын әдісті қолдану, аз инвазивті әдіспен. 37 апта мерзімінен ерте туылған нәрестеде ықтимал және күтулі отырған жағдайлармен таныстыру мақсатында нәрестелер реанимациясы бөлімі науқастарының ата-аналарына арналған брошюра шығарылды. Алла Николаевна Демина – Деминдер династиясындағы үшінші буын өкілі. Жалпы есепте, Деминдер әулетінің медициналық династия өтілін қоса келгенде 150 жыл. Целиноград, Ақмола, Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесінде қызмет атқарып келеді. Алла Николаевна – адал еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясының орталық және аудандық аппараттарынан алғыс хаттарға және Денсаулық сақтау басқармасы, Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарына ие.
Исмагулова Ботагөз Сальменовна – жоғары санатты неонатолог дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1977 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Еңбек өтілі – 40 жыл. 2001 жылдан бастап №2 перинаталдық орталықта қызмет жасап келеді, алдымен неонатолог дәрігер қызметінде, кейін 2003 жылдан бастап шала туылған нәрестелерді күту бөлімі меңгерушісі қызметінде. Бұл – экстремалды аз және өте аз салмақпен туылған нәрестелерді диагностикалаудың, емдеудің және күтудің заманауи әдістерін меңгерген жоғары білікті маман, жақсы ұйымдастырушы. Бірнеше жыл №2 перинаталдық орталықтың кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. Денсаулық сақтау министрлігінің және Денсаулық сақтау басқарма­сының алғыс хаттарымен, «Астанаға – 10 жыл» мерейтойлық медалімен, №2 перинаталдық орталық басшылы­ғының алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Нурманова Клара Малигаждаровна – жоғары санатты неонатолог дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1977 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтын тәмамдады. Еңбек өтілі – 40 жыл. Еңбек қызметін №2 перинаталдық орталықта неонатолог дәрігер қызметінде бастады, №1 перзентханада жұмыс жасады және кейін № 2 перинаталдық орталықтың шала туылған нәрестелерді күту бөлімінде неонатолог дәрігер қызметін жалғастырды. Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарымен, №2 перинаталдық орталық басшылығының алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
№2 перинаталдық орталық денсаулық сақтау ісінің ардагерлері өздерінің таңдаған қызметіне деген осындай қарым-қатынасымен жас мамандарға алға үмітпен, артына ризашылықпен, ал жан-жағына махаббатпен қарауға көмек береді. Өмірді сол қалпында сүюді, оны байсалды қабылдау және оны тек солай ғана жақсы жаққа өзгертуге болатынын үйретуде. Кәсіби мерекелеріңізбен! Медициналық қызметкер күнімен!

ДЁМИН ӘУЛЕТІ – ДӘРІГЕРЛЕР ДИНАСТИЯСЫ

1 буын: Дёмин Иван Николаевич, ҰОС жылдарының басында медициналық білімін алып үлгерген, 1943 жылы майданға кетіп, далалық-әскери хирург қызметін атқарған. 1956 жылдан бастап 10 жыл ішінде Алматы мемлекеттік медициналық институттың топографиялық анатомия кафедрасында доцент қызметін атқарды.
2 буын: 1964 жылы Дёмин Николай және оның жұбайы Дёмина Лариса Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдап, Целиноград қаласына жіберілді.
Өз кәсіби қызметін Целинный Өлкелік санэпидстанциясында эпидемиолог дәрігер қызметінен бастап, ол 6 жылдан соң (1971 жылы) Целиноград қаласының бас мемлекеттік санитарлы дәрігер лауа­зымына тағайындалды, кейіннен Ақмола облыстық атқару комитетінің денсаулық сақтау меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. ТМД және денсаулық сақтау жүйесінің және мемлекеттік дәріхана қызметі күйреуі кезінде ол Ақмола облысы «Медстандарттың» ұйымдастырушысы және ең алғаш директоры атанып, дәрілік құралдар үшін мемлекеттік бақылауды және мемлекеттік емес дәріхана жүйесін ретке келтіруді қамтамасыз етті. 1990-2000 жылдары ол белсенді және жемісті түрде Ақмола қ., ЖИТС қызметін ұйымдастыру және дамыту бойынша жұмыс жасады. Қазіргі уақытта да, 76 жасына қарамастан Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығында эпидемиолог дәрігер қызметін атқаруда.
Лариса Михайловна Дёмина, отағасының жұбайы, өз кәсіби қызметін 1964 жылы шілде айында Целиноград қалалық санэпидстанцияның «Балалар және жасөспірімдер гигиенасы» бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастады. Кейін микробиология мамандығы бойынша жетілдіруден өтті. Жоғары білікті санатты бактериолог-дәрігер, жұқпалы аурулардың бактериологиялық диагностикасымен, емдеу мекемелеріндегі тағам, су, ауа сапасының микробиологиялық бағалауымен, хирургиялық құралдар мен тігіс салу материалдарының зарарсыздандыру сапасымен айналысты.
3 буын: қызы – Дёмина Алла Николаевна, 1986 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық инс­титутты тәмамдады. Астана қаласындағы №2 ПО нәрестелер реанимациясы бөлімінде қызмет атқарады.
Ұлы – Дёмин Константин Николаевич, Целиноград мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған соң, өз өндірістік қызметін 1999 жылы №2 қалалық балалар ауруханасында балалар травматологы қызметінен бастады. Бұл стационарда жылдар бойы жұмыс жасап, ол травматолог, хирург, артроскопист, эндоскопист мамандығын игерді. Қазіргі уақытта Константин Николаевич медициналық қызметтік басқа аясын жақсы меңгерді, пластикалық хирургия, өз еңбегімен ол науқастарға денсаулық, бақыт және сұлулық сыйлайды.
Жалпы есепте, Дёминдер әулетінің медициналық династия өтілін қоса келгенде 150 жыл Целиноград, Ақмола, Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесінде біздің қала тұрғындарының денсаулығын ойлай және сұлулық, бақыт әкеле қызмет етіп келеді!

 

С Саимова,
ШЖҚ «№2 перинаталдық орталық» МКК акушер-гинеколог дәрігері, сарапшы дәрігер




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button