ДенсаулықЖаңалықтар
МАММОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Сүт бездерінің қатерлі ісігін болдырмай, аурудың алғашқы кезеңінде-ақ анықтайтын заманауи маммографиялық құрылғы дүниежүзіндегі беделді 20 онкологиялық орталықта ғана бар-тын. Енді бұл қуатты қондырғы елімізде де пайда болды. Бұл Ана мен бала ғылыми орталығында ашылған Маммология орталығында орнатылды.
Елімізде жыл сайын 4 мыңнан астам әйел сүт бездерінің қатерлі ісігіне шалдығады екен. Сондықтан 35 жастан асқан әр әйел жылына кем дегенде бір рет арнайы тексеруден өтті.
Маммология орталығындағы сандық қондырғының ерекшелігі сол, сырқатты клетканың алғашқы бұзылысынан-ақ анықтап, ісіктің әрі қарай асқынуының алдын алады.
Жаңадан ашылған орталық арнайы акция жариялап, осы шара барысында әйелдерді тегін тексеруге шешім қабылдапты. Заманауи маммографиялық құрылғы арқылы тексерілгісі келгендердің + 7 /7172/ 45 75 65 телефонына хабарласуына болады. Келушілер жарты сағаттың ішінде тексеруден өтіп, денсаулығы туралы біле алады. Акция уақыты шектеулі екенін естеріңізге саламыз.