Жаңалықтар

Маңызы зор мегажоба



Кеше Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған 18 кітапқа қатысты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық – үлкен мегажоба. Оның ішінде әлеу­меттану да, психология да, іскерлік мәселелерге қатысты дүниелер де бар. Философияның ескісі де, жаңасы да тұр. Ал оқулықтардың авторлары – әлемге ең әйгілі ғалымдар. Бұл кітаптар 34 тілде 44 миллион тиражбен дүние жүзіне таралған. Бір сөзбен айтқанда, таңдаулы оқулықтар. Енді осы кітаптардың негізінде білім саласы реформадан сәтті өтіп шығады деп ойлаймын» деді филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Әділ Ахметов.
Филолог ғалым Шәкір Ыбыраев әзірге ана тілімізге аударылған 18 кі­тап арқылы біз әлемдік өркениеттің жетістіктеріне бет бұрғанымызды, бұл оқулықтар халқымызға шын мәнінде Еуропаға терезені ашатынын айтты. Ғалым, сонымен қатар, аударған кезде ең бастысы терминологияны «көже» қылып алмауымыз керектігін, ол үшін кітапты аударушылар 1-2 адамнан аспау керек деп атап өтті.
Оқулықтарды аударғанда моральдық, этикалық мәселелерге де мұқият болу қажеттігін айтқан ғалымдар саланы жетік білетін мамандардың пікіріне сүйену керектігін сөз етті.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button