Мәртебелі өнер мерекесі
ЕЛОРДАНЫҢ НҰРЖОЛ ЖЕЛЕКЖОЛЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ, СӘУЛЕТ, МҮСІН, ӨНЕРКӘСІПТІК ДИЗАЙН, БИ, ТЕАТР СЫНДЫ ӨНЕРДІҢ САН АЛУАН ТҮРІН БІРІКТІРЕТІН «ASTANA ART FEST-2017» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЛЬТИМӘДЕНИ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР. БИЫЛ АТАЛМЫШ ШАРА ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ ҮШ АЙҒА СОЗЫЛАДЫ. ФЕСТИВАЛЬГЕ СУРЕТШІЛЕР, ДИЗАЙНЕРЛЕР, СӘУЛЕТШІЛЕР, МУЗЫКАНТТАР МЕН РЕЖИССЕРЛЕР ҰСЫНҒАН 162 ЖОБАНЫҢ 50-І ІРІКТЕЛІП, ТАНЫСТЫРЫЛАТЫН БОЛДЫ.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен үшінші мәрте ұйымдастырылған фестивальдің аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Осы жолы оған АҚШ, Франция, Испания, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Армения, Украина, Германия елдерінен келген өнерпаздар қатысуда. Атап айтсақ, эко-арттың негізін қалаушы Стивен Сигел, «Burning mаn» фестивалінің жұлдызы Арагорн Дик Рид, DUNDU театры, ағаш архитектурасының негізін салушы Тотан Күзембаев, «Қызыл трактор» арт-тобы, т.б.
Желекжолға кіреберісте Эльдар Хасанов, Роман және Михаил Беличко сынды сәулетшілердің бір топ туындылары қойылған. Жалпы, мұндағы әр туынды өзінің қалыптан тыс пішінімен, ерекше материалымен көзді тартады.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ