Жаңалықтар

МАСАМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА



Астанада тұрғындар мен қонақтар дұрыс демалу үшін масалармен күрес белсенді жалғасуда.

Бүгінде елордалық «Дезинфекция» және Батыс қазақстандық «Дезинфекция» медициналық мекемесі бас шаһар аумағында жәндіктерді улау жұмысын жүргізуде. Мамандардың айтуынша, осы уақыт аралығында масаның саны көбейеді. Өйткені жәндіктер қысқы мау­сымға дайындалады.

Айта кетейік, қалада адамдардың қолайлылығы үшін жәндіктерді улау түнгі мезгілде өтеді. Улауда қолданылатын дәрі-дәрмектердің өзіне тән иісі болғанмен, адам өміріне қауіпті емес.

Ай сайын жәндіктерді улауға нақты шаралар қабылдау үшін бақылау жүргізіледі. Мамандардың сөзіне қарағанда, масалар шалшық сулар жиналған жерде көп жүреді. Бір мезетте масаның ұрғашысы 130-ден 250-ге дейін жұмыртқа салады. Сондықтан жәндіктердің жұмыртқалауына тосқауыл қою үшін суы таяз

жерлерге улау жұмыстары көптеп жүргізіледі.
Масалардың көбею қаупі бар қаладағы мұндай су құбырлардың саны шамамен 720 гектарлық аумақта 110-нан 115-ке дейін жетеді екен.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button