Қоғам

МӘСЕЛЕ «МОСКИТТЕ» ҒАНА МА?



Шілденің алғашқы екі аптасында 11 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлапты. Бұл дегеніңіз, Астананың әр күнінде осындай бір оқиға тіркеледі деген сөз. Әсіресе, олардың 1-4 жас аралығындағы бүлдіршіндер екенін ескерсек, бұған үлкендер жағының салғырттығы сеп дер едік. Олар әлі күнге дейін масадан құтқаратын тордың қауіпсіздікті күшейтуге еш қатысы жоқ екенін ескермей келе жатыр.

Жыл басынан бері қалада көп қабатты үйдің терезесінен 40-қа жуық баланың құлау фактісі тіркелген. Биіктен құлаған балалар көбіне түрлі сүйек жарақатын алып, бас сүйегі мен ішкі органдары зақымданған күйде өте ауыр жағдайда жеткізіледі екен. Терезеден құлаған балалардың қастарында көбіне үлкен адамдар болған. Үй ішінде бәрі бірге, назарда жүрсе де неге осындай оқиға көп орын алып кетті? «Ата-аналар көбіне москиттік тордың барына сенеді. Ал ол ешқандай салмақты көтере алмайды. Ол бар екен деп баланы бақылаусыз қалдыруға болмайды. Жақында ғана осылай баламнан айырылып қала жаздадым. Енді мұндай оқи­ғаны ешқандай ата-анаға тілемес едім. Сақтықта қорлық жоқ» дейді ата-ана Айсұлу Беркімбаева.

Ал дәрігерлер жағы мұндай жағдайға жайбарақат қарайтын ата-аналарға ар­налған қолданыстағы заң­намамыздың арнайы күші болуы керек деп есептейді. Қайғылы оқиғалардың алдын алудың бірден бір жолы терезеге бала өздігінен аша алмайтын бұғаттауыштар орнату қажет. Бөлме жиһаздарын да терезеден алысырақ қойған жөн. Әрбір ата-ана баласын биіктен құлаудың қорғау жолындағы қауіпсіздік шараларына салғырттықпен қарамауы керек.

Гүлжан Рахман




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button