Қала мен Сала

Медицина саласы талапқа сай ма?



Астана қаласы мәслихатының депутаттары елордадағы бірқатар медициналық нысанға барып, жұмысымен танысты.

Алдымен Ерлан Каналимов бастаған халық қалаулылары Сарыарқа ауданы Бейбарыс Сұлтан көшесіндегі №11 үйіне тоқтады. Мұнда инвестор есебімен аудандық емхана бой көтерді. Жаңа медициналық нысанның жалпы аумағы – 1890 шаршы метр. 4 этажды ғимарат 46 кабинетті қамтиды. Мұнда заманауи медициналық аппараттар қамтамасыз етіледі.

– Бір ауысымда 100-150 адамды қабылдауға болады. Жалпы айына 15 мың тұрғынға қызмет көрсету жоспарда бар. Тамыз айында рентген, маммография және тағы басқа аппаратты орнатып, 1-қыркүйектен бастап ем алушыларды қабылдауды бастаймыз, – деді емхананың басшысы Толқын Сатыбалдина.

Емдеу қызметінің барлық түрін көрсететін емхананың жалпы штаты – 88. Онда акушер-гинеколог, хирург, травматолог, невропатолог, кардиолог, стоматолог, уролог, онколог, проктолог, профпатолог, гастроэнтеролог, дерматолог, аллерголог дәрігер халыққа қызмет етеді. Кәсіпкер Бауыржан Бақтыбаевтың қаржы салуымен салынды.

– Жыл өткен сайын Астана қаласында халық саны артып, әлеуметтік инфрақұрылымды талапқа сай санын арттыру және сапасын жақсарту міндеті тұр. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, алдымызға бірқатар нақты талап қойды. Соның бірі – халыққа сапалы қызмет көрсетуді жетілдіру, оның ішінде медицина нысандарының санын арттыру керек. Бұл істе үкіметке қарап отыра беруге әсте болмайды. Кәсіпкерлерді тарту маңызды. Осындай бастамаға Бауыржан Бақтыбаев дем беріп отыр. Бұл құптарлық жағдай. Біздің тараптан қандай сүйелдемелеу жұмыстары керек. Біз тексеріп, сынау үшін емес, мәселелер болса, бірлесе шешу үшін арнайы келдік, – деді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Одан кейін депутаттар ­Тәуелсіздік көшесі №11/1 үйінде орналасқан №1 қалалық балалар ауруханасына тоқтады. Үшінші нысан – «Нұрлы жол» вокзалы маңында А83 көшесіндегі жаңа ғимаратқа барды. Мұнда «Казанат сити» ЖШС өз қаржысының есебімен емхана құрылысын жүргізіп жатыр екен.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button