Білім

«Мектепке жол» жалғасуда



Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы патронатында тұрған 15 отбасының балаларына оқу құралдары мен мектеп киімдері бар 45 рюкзак үлестірді. Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ассамблея­сының мүшелері мен еріктілері қайырымдылық көмек алушылардың үйлеріне мектепке арналған керек-жарақтарды жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын өткізетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның аясында көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға балаларды мектепке дайындауға көмектеседі. Сонымен бірге еріктілері, этномәдени орталықтар, меценаттар күшімен балаларды қорғау күнінде, Алғыс айту күнінде түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырып, демеушілерден түскен қаражатты балаларға көмек ретінде қайырымдылық көрсетуде. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап аталмыш ұжым елуге тарта қайырымдылық акциясын өткізген. Алдағы уақытта «Мектепке жол» акциясы аясында этномәдени орталықтарының өкілдері 80-нен астам балаға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button