Білім

Мектептегі қауіпсіздік – ұдайы назарда



Астана қаласы коммуникациялар қызметінің алаңында «Мектептердегі қауіпсіздік және цифрландыру» туралы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов брифинг өткізді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің аса маңызды міндетінің бірі. Осы мақсатта қалалық Білім басқармасы тарапынан кешенді жұмыстар жүргізілуде.

– Елордада барлық білім беру ұйымы цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Барлық камера мен дабыл түймесі Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Орнатылған камералар барлық талапқа сәйкес келеді. Білім беру нысандарында қауіпсіздікті 1-санаттағы лицензиясы бар жеке күзет компаниялары қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық білім нысаны турникеттермен қамтамасыз етілген, – деді Н.Еламанов өз сөзінде.

Бас қалада мектепке дейінгі білім беру ұйымына қабылдау «Indigo: электронды балабақша» ақпараттық өнім арқылы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тікелей байланыссыз және жылдам қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың шілдесінен бастап электронды типтік келісімшарт енгізілген.

Бүгінгі таңда қаланың барлық мектебі деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с болатын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдау жалғасады.


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button