ЖаңалықтарҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ абыройы



ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті семинар-кеңес өткізді. Жиынға мемлекеттік органдар мен басқармалардың және де бөлім басшылары қатысты.

photo_157171

Семинар-кеңесте мемлекеттік қызметкерлердің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі сөз болды. Департамент басшысы Тілеген Қаскиннің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер халыққа қалтқысыз қызмет етуі керек. Сонда ғана мемлекеттік қызметшілердің халық алдындағы беделі артып, еліміз дамиды.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің халыққа жақын болуы керек екенін үнемі айтып келеді. Өйткені еліміздің экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуі мемлекеттік қызметшілердің халыққа жақын болуына байланысты. Сондықтан да сіздер мен біздер өз міндетімізді дұрыс біліп, қараша халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетуіміз керек. Егер біздер өз қызметімізді дұрыс атқаратын болсақ, онда бұқара халықтың тек қана алғысын аламыз, – дейді Тілеген Қаскин.
Расында, мемлекеттік қызметшілердің халық алдындағы міндеті зор. Мысалы, осы жылдың 9 айында 7,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл деген сөз бұқара мен биліктің өзара байланысы тығыз екендігін білдіреді.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button