ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Мереке күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауға 1500 полиция қызметкері мен әскери қызметкер жұмылдырылады



Жаңа жыл мерекесі атап өтілетін кезеңде 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында және қаңтардың 7-сі мен 8-і күндері Астана Ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет кестесіне көшіріледі. ҚР ІІМ полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері жалпы саны 1500 адам қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдырылады. Сонда й-ақ, мереке күндері автопатрульдер көптеп тартылатын болады.

c-1

ІІД хабарлауынша, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін толық шаралар кешені жүргізілуде. Оқиға орнына дер кезінде жету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде. Тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу үшін бақылау күшейтілді.

http://astana.gov.kz.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button